Түркістан облысы Кентау қаласында металл бұйымдарын жасайтын зауыт іске қосылды. Кәсіпорынды іске қосуға 1,5 млрд теңге инвестиция жұмсалған. Нәтижесінде 30 жаңа жұмыс орны ашылып, тұрғындардың жұмысқа орналасуына мүмкіндік туды. Мұнда өнеркәсіпке арналған металл құрылымдары мен металл бұйымдарын әзірленеді. Өндіріс орны жылына 100 дана өнім шығаруға қауқарлы. Жобаны жүзеге асыру үшін Кентау қаласының индустриялық аймағынан 1,5 гектар жер учаскесі берілген. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, негізгі технологиялық жабдықтар орнатылды. Зауыттың ашылуына облыс әкімі қатысып, жұмысымен танысты. Сондай-ақ өңірде өндіріс орындарын ашу жұмыстары жалғасатынын атап өтті.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жалпы айтатын болсақ, инвестициясы 5 млрд. теңгеге жуықтайтын 4 жоба ашылған болатын. Нәтижесінде 230-дан астам жаңа жұмыстар ашылды. Бұл игі іске қосылып отырған жаңа нысан отандық өндірісті дамытуға және жұмыс орындарын ашуға бағытталған жүйелі жұмыстардың нақты нәтижесі.