Түркістан
EN

Ауылда жаңа спорт кешені ашылды

12
23.10.2026

Ауыл балалары енді спортпен айналысу үшін аудан орталығына сабылмайды. Сауран ауданының Ынталы ауылында жаңа спорт кешені ашылды. Мұнда 130-дан астам бала бірнеше спорт түрімен шұғылдана алады. Нұрислам Оразбайдың қазақ күресімен айналысқалы 5 жыл. Осы уақыт ішінде бірнеше жарыста жеңіс тұғырынан көрінген. Бұған дейін мектептің спорт залында жаттықса, енді жаңа кешенде дайындалып, шеберлігін шыңдамақ.