Түркістан қаласында шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян атындағы 80 орындық перзентхананың құрылысы аяқталуға жақын. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров Біріккен Араб Әмірліктері «Абу-Даби» қорының бас директоры Мұхаммед Саиф Әл Сувайди және Біріккен Араб Әмірліктерінің еліміздегі елшісі Мұхаммед Әл Арикимен бірге медициналық нысанның құрылыс жұмыстарымен танысты. Перзентхананы салуға 8,3 млрд теңге жұмсалған. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 97 пайызы орындалған. Қажетті медициналық құрал-жабдықтар мен жиһаздар толық сатып алынып, орнатылуда.Нысанда жүкті әйелдерге және босанған аналарға, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай қарастырылған. Ғимарат іске қосылғанда 70 адам жұмыспен қамтылады.