Бүгін Түркістанда 25 қазан Республика күніне орай, 7 қабатты 14 тұрғын-үй пайдалануға берілді. Заманауи үлгіде салынған кешендерде тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалған. Салтанатты шара барысында аймақ басшысы 25 отбасыға пәтер кілтін табыстады. Әріптесім Көркем Әбдіғали тарқатып айтып береді.
Жаңа баспанаға ие болған тұрғындардың бірі Ердәулет Жақсылық. Екінші топтағы мүгедек жан осыдан он жыл бұрын үй кезегіне тіркелген. Екі бала тәрбиелеп отырған отбасы жаңа қоныстың кілтін алғанына қуанышты. Олар бұл сәтті тағатсыздана күткенін жасырмады.