Түркістан
EN

Жылыжай кешенінің саны артып келеді

13
23.10.2026

Ордабасы ауданында жылыжай кешендерінің көлемі ұлғайып келеді. Қазір өңірдегі 135 гектар алқаптан жылына 11–12 мың тонна көкөніс жиналып, ішкі нарыққа жөнелтілуде. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алған жергілікті тұрғындар жаңа жұмыс орындарын ашып, мол өнім жинауға кірісті. Шұбарсу мен Қажымұқан ауылындағы кәсіпкерлердің бүгінгі тынысы жайлы бейнематериалдан көріңіздер. 

Шұбарсу ауылдық округінде жылыжай өндірісін дамытуға басымдық берілген. Мұнда шағын кәсіп ашамын деген қырықтан астам тұрғынға арнайы 15 гектар жер бөлінген еді. Жоба ойдағыдай жүзеге асып, өңірде өндірілетін өнім көлемі бірнеше есеге артты. Жергілікті азаматтар мемлекеттік бағдарламаның арқасында тұрақты кәсіпке қол жеткізді.