Түркістан облысында мақта өңдеп, талшығын шетелге жөнелтетін, тамшылатып суаруға арналған құбыр шығарып, пластик қалдықтарын да кәдеге жарататын өндіріс орындары көбейіп келеді. Бүгінге дейін 29 өндірістік алаңда 275 нысанның 165-і салынып біткен. Соның 114-і іске қосылып, өнім өндіре бастаған. Алдағы үш жылда тағы жүзден астам жобаны жүзеге аспақ.
Жаңа зауыт ашу үшін ғимарат салу аздық етеді. Өндіріс орны жергілікті халықты жұмыспен қамтып, ел экономикасына үлес қосуы керек. Сондықтан облыста инвесторларға осындай талап қойылады. Соңғы үш жылда 29 өндірістік алаңда жалпы құны 159 млрд теңгеден асатын 114 жоба жүзеге асқан. Соның бірі Асықата кентіндегі «Жетісай» индустриялық аймағы. Мұнда 45 млрд теңгеден асатын 12 ірі жобаның жұмысы қолға алынған.