Түркістан
EN

Мемлекеттік қызметкерлерге дәріс оқылды

13
23.10.2026

Білімді. Әділ. Ізгілікті. Бұл мемлекеттік қызметкерге қойылатын негізгі талап. Осы салада 40 жылдық тәжірбиесі бар қоғам және мемлекет қайраткері Оразкүл Асанғазы да осы пікріді қуаттайды. Ол түркістандық бір топ мемлекеттік қызметкерге дәріс оқып, өзінің мол тәжірбиесімен бөлісті. Оның айтуынша кез-келген мемлекеттік қызметтегі адам сол өңір халқы алдында ең кіші қызметкер. Мұндайда мансап пен биліктен азаматтардың мұң-мұқтажын жоғары қойып елге қалтықсыз еңбек етуі керек. Сонда ғана «Адал азамат – адал еңбек» ұстанымы айшықталады, дейді мемлекет қайраткері Оразкүл Асанғазы.