Түркістан
EN

Жамбы атудан чемпионат басталды

13
23.10.2026

Түркістанда жамбы атудан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Елдің әр өңірінен жиналған жас мергендер ұлттық спорттың төрт сайысы бойынша өзара мықтыны анықтайды. Байрақты бәсекеге 11 өңірден 31 спортшы қатысып жатыр.

Ат үстінде садақ тартып, нысананы дәл көздеу – үлкен ептілік пен шеберлікті талап етеді. Жарысқа қатысушылар бірнеше күн бойы осы қасиеттерін сынға салып, ел чемпионатының жеңімпазы атануға талпынады. Олардың қатарында 19 ұл және 12 қыз бар. Жас спортшылар «Мажар», «Азия», «Түркі» және «Жамбы» стильдері бойынша бақ сынайды. Әр сайыстың өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан мергендерден садақ ату дәлдігімен қатар, ат үстінде еркін, ширақ қимылдауы керек.