Солтүстік Қазақстан облысындағы бақылау бекетінде жүргізілген рейд кезінде жеті ауыр жүк көлігі тоқтатылып, оның төртеуінің үстіне шамадан артық зат тиелгені анықталды. «Құқықтық тәртіп» жедел шарасы аясында инертті материалдарды көп мөлшерде артып алған жүргізушілер жауапқа тартылды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай жағдайларлар жүк көлігін басқаруды қиындатып, тежеу жолын ұзартады, салдарынан қайғылы оқиғалар жиілейді. Мәселен, биыл тоғыз айда өңірде жүк көлігі жүргізушілерінің кесірінен 24 жол апаты болды. Салдарынан 5 адам қаза тауып, 25 адам жарақат алған. Жалпы, өңір жолдарында мерт болғандардың әрбір алтыншысы дәл осы ауыр көліктердің қатысуымен болатын апаттардан көз жұмады.