Түркістан
EN

Элиталық тұрғын үй кешенінде жарылыс болды

17
23.10.2026

Алматыдағы Esentai City элиталық тұрғын үй кешенінде жарылыс болып, екі бала зардап шекті. Оқиға бүгін Медеу ауданында орналасқан үш қабатты тұрғын үйде болған. Алдын ала болжам бойынша, төтенше жағдайға табиғи газдың шығуы себеп болуы мүмкін. Мамандардың түсіндіруінше, жабық кеңістікте жиналған газ ауаға араласып, белгілі бір мөлшерге жеткенде, кішкентай ұшқыннан-ақ тұтануы ықтимал. Алайда бұл жолы жарылыстан кейін өрт шықпаған. Қазір мамандар газдың қай жерден тарағанын, жарылысқа не себеп болғанын және ғимараттың қаншалықты зақымданғанын анықтап жатыр.