Түркістанда 500-ге жуық оқушы бір мезетте Мұқағали Мақатаевтың өлеңін оқыды. «Бір қала – бір кітап – бір рух» атты акция ақынның 95 жылдығы мен қала күніне орай ұйымдастырылған. Шараның негізгі мақсаты кітап оқуды насихаттап, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
АБЫЛАЙ АҚСЕЛІ ОҚУШЫ
Мен қазірге дейін 3-4 кітаптар оқып, өз ойымды еркін жеткізіп сөздік қорымды көбейтіп жатырмын. Жалпы қазіргі кезде күш емес, білім салыстыратын заман ғой.