Түркістан
EN

«Атлетико Мадрид» Қазақстандағы футбол академиясының болашағын жоғары бағалады

19
22.10.2026

Аты әлемге әйгілі «Атлетико Мадрид» Қазақстандағы футбол академиясының болашағы жарқын боларына сенім білдірді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев испаниялық кәсіби футбол клубының бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады. Президент арадағы ынтымақтастықты жоғары бағалап, серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге мүдделі екенін жеткізді. Сондай ақ, мәртебелі мейманды спорт саласына сіңірген еңбегі үшін II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. «Атлетико Мадрид» клубының бас директоры президентке футболды қолдауға ерекше назар аударғаны үшін ризашылығын білдірді.  Айта кетейік, бүгінде Қазақстан заманауи спорт инфрақұрылымына, жаттығу базасына және жас ойыншыларды даярлау бағдарламасына инвестиция құйып жатыр. Сондай ақ, барлық өңірде балаларға арналған 100-ден астам жаңа футбол алаңын салу жұмыстары қолға алынған.