Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи хикметтерін жатқа айтуға арналған «Диуани хикмет» аймақтық байқауы өтті. Қала күні аясында ұйымдастырылған рухани сайысқа өңірдің түкпір-түкпірінен 36 үміткер қатысып, өзара бақ сынады.
Байқаудың ересектер арасындағы өткен сайысының бас жүлдесі қазақ-түрік халықаралық университетінің 5-курс студенті Солихабону Хавасхоноваға бұйырды. Ол Қожа Ахмет Ясауи хикметтерін жаттауды мектеп қабырғасында жүргенде бастаған. Бірнеше жылдық ізденісі мен талпынысының нәтижесінде ұлы ойшылдың мұрасын терең меңгеріп, байқауда топ жарды.