Перудің солтүстігінде табиғи апат. Небәрі екі сағаттың ішінде жауған алапат нөсер Пиура қаласын су астында қалдырды. Шаһардың кәріз жүйелері істен шығып, тасқын су тұрғын үйлерді шарпыған.
Қатты жауған жаңбыр шаһардың инфрақұрылымын істен шығарды. Ал кәріз жүйелері бітеліп, тасқын судың ағып кетуіне мүмкіндік болмай тұр. Апат тек көшелерді емес, тұрғын үйлерге де залалын тигізген.
БЕТИ ХУАРЕС -ТҰРҒЫН
«Иә, жаңбыр бізді кенеттен таң қалдырды. Әкем қарт кісі, ол мұнда жалғыз тұрады. Біз оған көмектесуге келдік, себебі жыл сайын жаңбыр жауғанда оның үйі осылай суға кетеді».