Түркістан
EN

Заманауи спорт кешені салынып жатыр

12
21.10.2026

Түркістан облысының Ордабасы ауданында жабық бассейн мен теннис корты бар заманауи спорт кешені салынуда. Бұған дейін аудан орталығы Темірлан ауылында мұндай замануи үлгідегі нысан болмаған еді. Бүгінде құрылыс алаңындағы жұмыстарының 80 пайызы аяқталуға жақын. Келесі бейнематериалға назар салайық. 

Темірлан ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы өткен жылы қаланған болатын. Қазіргі уақытта құрылыстың басым бөлігі аяқталуға жақын. Ауыл тұрғыны Жақсылық Серікбаев ауданда бассейн болмағандықтан тұрғындардың бұған дейін Шымкентке барып жүргенін айтады. 

ЖАҚСЫЛЫҚ СЕРІКБАЕВ - ТЕМІРЛАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ       

Келешек ұрпағымызға тәп-тәуір сый болды бұл. Қандай рахат болды ауылдың тұрғындарына. Бассейнге бала-шаға келіп, осы жерде үйірмеге қатысып, ертеңгі күні чемпиондар шығатын шығар болашақта. Бәрі өзіміздің қолымызда да, қолдасақ бәрі болады. Барлығы сол балалардың игілігі ғой.