Түркістан
EN

Наразылықтан тұрғындар зардап шекті

9
21.10.2026

Париждегі тәртіпсіздіктен жергілікті тұрғындар мен дүкен иелері зардап шекті. Наразылыққа 800 мыңға жуық адам қатысқан. Кәсіподақтар мен студенттер бұл шерулер арқылы 2018 жылғы «сары жейделілер» қозғалысын қайта жандандыруды көздеген. Қазіргі уақытта Париж прокуратурасы тәртіпсіздік кезінде жүрек талмасынан қайтыс болған тұрғынның өліміне қатысты тергеуді бастады.

УРИ ЗАГУРИ – ДҮКЕН ИЕСІ  

«Біз дүкенді кешкі бес жарымда толық жауып, үйге қайттық. Бір сағаттан соң маған сатушым хабарласып, жағдайды айтты. Бақылау камераларын тексергенімде, олардың іште жүргенін көрдім. Мен 10 минуттық жерде тұратындықтан тез жеттім, бірақ ештеңе істей алмадым. Адам өте көп болды. Полицияға қоңырау шалғанымда, олар маған араласпауды бұйырды. Келеміз деді, бірақ мүлдем келген жоқ»