Түркістан
EN

ШЫҰ на мүше мемлекеттердің үкімет басшылары ортақ мәселелерді талқылады

8
21.10.2026

Шанхай Ынтымақтастық елдеріне ортақ су проблемаларын талдау орталығы құрылуы мүмкін. Бұл туралы  ұйымға мүше мемлекеттер делегациялары басшыларының Душанбе қаласында өткен кездесуінде айтылды. Ұжымдық кездесудің шағын және кеңейтілген отырысына Премьер министр Олжас Бектенов те қатысты. Қазақстандық тарап энергетикалық ынтымақтастықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясын жүзеге асыру, ортақ су проблемаларын талдау орталығын құру, энергетикалық және су қауіпсіздігі мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, ұйымның қызметін жетілдіру шеңберінде сауда-экономикалық іс-қимылды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты. Оның ішінде бірлескен индустриялық жобаларды іске қосуға, өзара көлік байланысын нығайтуға назар аударылды. Отырыс нәтижесінде көлік қатынасы, өнеркәсіп ынтымақтастығы саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын құжатқа қол қойылды.