Түркістан
EN

Депутаттар жеңілдетілген автонесие бағдарламасын сынға алды

126
26.05.2022

Депутаттар жеңілдетілген автокөлікті несиелендіру бағдарламасын сынға алды. Мәжілісмен Айқын Қоңыров жаңа жүйе тетігін ойластыра алмағандарға шүйлікті. Оның айтуынша, олқылықтар әлеуметтік шиеленіс тудырып, мемлекетті ақталуға мәжбүрлеген. Үкіметтің халыққа көмектесуге арналған жобалары жанжалсыз бітпейді дейді ол.  Мұның себебі - стандарттарға сай келетін нақты дайындық алгоритмінің жоқ. Бастысы депутатат тұрғындардың қалтасына салмақ салатын бастамаларды тоқтату қажет деп есептейді. Сол үшін ірі бастамаларды іске асыруға  бюджеттен қаржыландыруға тыйым салуды ұсынды.