Түркістан
EN

Президент Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты

8
21.10.2026

 Абай облысында ірі өндірістік жоба - Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысы басталды. Кәсіпорынның іргетасын қалау салтанатына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы қатысты. Шикізатты терең өңдеп, еліміздің экспорттық әлеуетін арттыратын жаңа зауыттың қуаттылығы қандай және өңірге қанша жұмыс орнын ашады? Әріптесім тарқатады.

Жаңа зауыт 300 мың тонна катодты мыс өндіруге қауқарлы. Абай облысы әкімінің айтуынша кәсіпорын іске қосылғаннан кейін еліміз жоғары сапалы тазартылған мыс өндіретін әлемдегі жетекші он елдің қатарына кіру мүмкіндігіне ие болады.

БЕРІК УӘЛИ, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 

Бүгін біз Ақтоғайда айтулы сәтке куә болып отырмыз. Бұл еліміздің индустриялды даму жолындағы ауқымды бастама. Отандық металлургияның жаңа кезеңге қадам басқанының айқын көрінісі.