Түркістан
EN

Салықтық берешекке қатысты шектеулер күшейеді

11
21.10.2026

Енді салықтық берешекті уақытылы өтемеген азаматтар мен кәсіпкерлерге қатысты мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылады. Берешек банктік шоттардағы қаражат, дебиторлық қарыз және шектеу қойылған мүлікті өткізу арқылы өндіріледі. Ал Салық кодексінің 189-бабына сәйкес, қарызы 27 мың айлық есептік көрсеткіштен асқан және оны 3 айдан астам уақыт өтемеген заңды тұлға елден уақытша шыға алмай қалуы мүмкін. Бұл шектеу тек соттың санкциясымен енгізіледі. Осы талаптар облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінде өткен брифингте түсіндірілді. Мамандар салық міндеттемелерін уақытылы орындап, қосымша шектеулерге жол бермеуге шақырады.

МЕРУЕРТ ИБРАГИМОВА ОБЛЫСТЫҚ МКД БЕРЕШЕКПЕН ЖҰМЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ    

Егер берешек көлемі 1500 АЕК аспаса, және салық төлеуші 2 жыл кәсіпкерлік қызмет атқарса, орындалған хабарламалар камералдық хабарламалар  басқа да хабарлама болмаса мүлік кепілінсіз, банк кепілінсіз бөліп төлеуге мүмкіндігі бар.