Түркістан
EN

Облыс тұрғындары тегін екпемен қамтылады

13
21.10.2026

Түркістан облысы тұрғындарының 12 пайызы тұмауға қарсы тегін екпемен қамтылмақ. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен гриппол вакцинасының 200 мыңнан аса дозасы сатып алынған. Ал, жалпы екпе егу жыл соңына дейін жалғасады. Тегін екпе бірінші кезекте осал топтағы адамдарға және медицина мамандарына беріледі. Сондай-ақ, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысымен, қызмет бабында адамдармен тығыз араласатын мұғалімдер мен әскери қызметшілер де қауіпті топқа жатқызылып, оларға екпе егу ерікті негізде жүргізіледі. Айта кетейік, елде 1-інші қазаннан басталған тұмау және жіті респираторлық вирустық аурулардың кезекті эпидтік маусымы келесі жылғы сәуір айының соңына дейін созылады. 

АҚЕРКЕ ЕРКІНБЕКОВА – ОБЛЫСТЫҚ СЭБ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ         

Қазіргі кезде, халықтың 40 пайызы вакцинациялау үстінде. Атап айтқанда, мед қызметкерлер 15 мың, екінші үшінші три местрдағы жүкті әйелдер 8 мың, диспансерлік есепте тұратын және созылмалы аурулары бар балалар мен қарттар сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтар 80 мың адам вакцинацияланды.