Түркістан
EN

Сарбаздарға арналған жаңа бекеттер ашылды

8
20.10.2026

Елордада Ұлттық ұлан сарбаздарына арналған  патрульдік бекеттер ашылды. Республика күні қарсаңында пайдалануға берілген нысандар әскери қызметшілердің жауынгерлік кезекшілік кезіндегі тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған. Енді үш ауысыммен қызмет атқаратын 24 сарбаз әр бекетте арнайы жабдықталған бөлмеде тынығып, тамақтанып, келесі кезекшілікке дайындала алады. Бұған дейін жауынгерлер патрульдеу кезінде автобустарда отырып, тынығуға мәжбүр еді. Ал жаңа бекеттерде ас ішуге, жуынуға және демалуға арналған барлық қажетті жағдай бар. 

АНДРЕЙ ЗЕРСКИХ ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ 5573 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ

Бүгін біздің патрульдік бекетіміздің ашылу салтанаты өтуде. Бұл бекет бізге қолайлы жағдай жасау мақсатында салынған. Бұрын жауынгерлік қызмет атқару кезінде автобустарда орналасатынбыз, бұл белгілі бір қолайсыздықтар туғызатын. Ал қазір бізде қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген, патрульдеу арасындағы бос уақытта демалуға арналған жайлы бөлме бар. Мұнда біз тынығып, күш-қуатымызды қалпына келтіре аламыз, тамақтанып, алдағы қызметімізді абыроймен атқаруға дайындаламыз.