«Кітап оқитын ұлт» республикалық оқу марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысып жатыр. Олардың қатарында мектеп оқушылары, студенттер, педагогтер, отбасылар, еңбек ұжымдарының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері бар. Түркістан облысы тұрғындары ішінен жарыста 7 мыңнан астам азамат бақ сынауда. Өңірде бұл жоба қалай іске асып жатыр? Тілші материалына зер салайық.
Марафон жеті бағыттан тұрады. 10 сынып оқушысы Исматулла Ерболұлы соның ішіндегі «Кітап оқитын мектеп» бағытын таңдаған. Енді 6 айда 15 кітап оқуы тиіс. Бүгін соның қамымен кітапханаға ат басын бұрған. Исматулла үшін жеңіске жету - мақсат емес, бастысы - кітапты көбірек оқу.
ИСМАТУЛЛА ЕРБОЛҰЛЫ ОҚУШЫ
Негізінде ол кітаптардың біршамасын біз мектеп бағдаралмасы арқылы және үйдегі кітаптардан оқығанбыз. Бірақ сен ол кезде балалықпен оқисың, ал кейін даналықпен оқисы деген сияқты. Адамның жасы да кітап оқуға өзгеріс бере алады. Мысалы "Ұшқан ұя" мектеп бағдарламасында бізге беріледі. Көп оқушы баға үшін оқуы мүмкін. Ал бұл жерде біз зейін қойып, барынша түсінуге тырысамыз.