Түркістан
EN

Кентауда отандық трансформаторлар өндірілуде

63
20.10.2026

Кентауда шығарылатын отандық трансформаторларға сұраныс күн санап артып келеді. Осыдан бір ай бұрын іске қосылған кәсіпорын электр желілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне қажетті 50-ге жуық  күштік құрылғыны ай сайын нарыққа шығаруда. Мұнда жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыс тауып, колледж студенттері тәжірибеден өтіп жүр.

Цехтың басы-қасында жүрген жауапты маман Мадияр Бақбергенов аспан асты елінен екі ай бойы арнайы тағылымдамадан өткен. Қазір білген-түйгенін осында тәжірибемен ұштастырып, цехтағы мамандарға шетелдік технологияның қыр-сырын үйретіп жүр. Бір қызығы, Мадияр бұған дейін он жыл бойы мектеп қабырғасында бала оқытып, ұстаз болған. Алайда, бала күнгі арманы мен электр желілеріне деген қызығушылығы оны өндіріс саласына алып келіпті. 

МАДИЯР БАҚБЕРГЕНОВ – ЖАУАПТЫ МАМАН       

Басынан бастап, нөлден бастап жинап жатырмыз. Ол жақта көрген әрбір процесті осы жақа кеп жасап жатырмыз. Сосын жаңа өзіміздің балдарға да айтып көрсетіп, үйретіп жатырмыз. Одан бұрын жаңа біздегі ПМК колледжі барғо бізде сомен меморандумға отырған біздің осы зауыт. Сол бойынша бізге студенттер әкеп берді. Студенттерге де үйретіп жатырмыз қазір.