Түркістан облысының Ордабасы ауданында шағын өндірісті дамытуға бағытталған жоба жүзеге асты. Темірланда кәсіпкерлерге арналған өндірістік парк құрылып, мұнда бірнеше бағыт бойынша өнім шығарыла бастады. Бастама жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті кәсіпкерлердің өндіріс көлемін арттыруына мүмкіндік беріп отыр.
Өндірістік парктің алғашқы кезеңінде бір гектар аумаққа бес ғимарат салынған. Әрқайсысының көлемі – 480 шаршы метр. Қазір мұнда тұрмыстық химия өнімдері, түйіршіктелген жем, шыны және металл бұйымдары өндіріледі. Соның бірі – кір жуатын ұнтақ пен сұйық сабын шығаратын цех. Кәсіпорын өнімдері аудан дүкендеріне жеткізіліп жатыр. Алдағы уақытта өндіріс қуатын бірнеше есе арттыру көзделген.
БАҒДАТ БАЙДУЛЛА – КӘСІПКЕР
Оның ішінде бізде кір жуатын құрғақ және сұйық ұнтақтар бар және сұйық сабын шығарамыз. Төрт бағытты бөлсек, 12 түрін шығарып жатырмыз. Қазір қолда бар аппаратпен күніне 1 тонна порошок шығарып жатсақ, келешекте күніне 4-5 тонна шығару ойда бар. Осындай үлкен жерге келгеннен кейін қуатты жабдықтар аламыз.