Ордабасы ауданының тұрғындары көгалдандыру жұмысына белсенді атсалысып жүр. Солардың бірі – аудандық әкелер мектебінің төрағасы Лесбек Жүсіп. 80 жастағы қария биыл өз бастамасымен аудан орталығына 300 түп ағаш еккен. Ол тазалық пен табиғатты қорғау әркімнің өз ауласынан басталуы керек екенін айтады.
Лесбек Мұңсызбайұлы жасы сексенге келсе де, ауласындағы ағаштар мен гүлдерді күтіп-баптаудан қол үзген емес. Күнделікті таңертең тұрып, көшеттерді суарып, бақшасын ретке келтіреді. Қарияның айтуынша, әрбір отырғызылған ағаш қоршаған ортаның тазаруына септігін тигізеді. «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері де бұл іске белсене араласып келеді. Биыл аудан орталығына 300 түп көшет отырғызған.
ЛЕСБЕК ЖҮСІП – АУДАНДЫҚ ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Қазір жайқалып өсіп тұрғаны бізді қуантады. Күн сайын өткен сайын қуанышпен қайтамыз. Өйткені бұл жастарға үлкен тәрбие, жастар табиғатты аялай білуге үйрену керек. Қалай аялау керек? Бірінші талдың бұтағын сындырмау керек, керек болса өзі тал егіп, гүл егіп қойсын. Жастар осыдан бастап еңбек ете бастаса, соның жемісін көріп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыратыны ол да бір қуанышқа бөлейді. Өйткені келер ұрпаққа олар да біз арқылы өзінің жасаған еңбегін қалдырайын деп тұр.