Түркістан
EN

Жүгенсіз жасөспірімнің ата анасы айыппұл арқалады

12
20.10.2026

Батыс Қазақстан облысында аллея орындықтарын сындырған жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды. Жүгенсіз жеткіншекті Бөрілі ауданының полициясы анықтады. Бақылау камерасына жазылған бейнеден үш бозбаланың бірі орындықтың үстіне секіріп, қиратқаны белгілі болды. Құқық қорғау қызметкерлері 16 жастағы оқушының ісін сотқа жолдады. Құзырлы органдар жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салды.