Абай облысындағы арнайы орталықта ерекше күтімді қажет етін балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсетіліп келген. Прокуратура мәліметінше, тексеру барысында санитарлар тарапынан тәрбиеленушілерге физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсетудің 100-ден астам дерегі анықталған. Бұдан бөлек, заңсыз әрекеттерді көре тұра, олардың жолын кесуге ешқандай шара қолданбаған мекеменің кейбір қызметкерлерінің әрекетсіздігі әшкереленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іске қатысы бар кінәлі тұлғалар қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетілген.