Түркістан облысы төтенше жағдай қызметінің мамандары биыл 16 мың шұғыл шақыртуға шығып, 140 адамды апаттан аман алып қалған. Олардың кәсіби шеберлігінің арқасында табиғи және техногендік сипаттағы оқыс жағдайларда болатын материалдық шығын да анағұрлым азайған. Бүгін, 19-қазан сондай бейбіт күннің батырлары саналатын құтқарушылардың кәсіби мерекесі. Бүгінгі таңда өңірде 1700 ге жуық төтенше жағдайлар қызметінің маманы жұмыс істейді.
Құтқарушы десе құрал сайманын сайлаған, оқиға орнына жедел жетіп әрекет ететін ширақ жандар елестейді. Бірақ, дәл осындай маңызды міндет атқаратын құтқарушы иттер де бар. Соның бірі-Зена. Төлеби ауаны Төтенше жағдайлар бөлімінде тіркелген. Таулы аймақ үшін мұндай қызметтік иттердің жұмысы маңызды, дейді кинолог. Зена еліміз бойынша үздік құтқарушы ит. Облыста өзі сияқты 4 төбет бар. Олар төтенше жағдай кезінде жоғалған адамдарды жедел іздестіріп, табуға көмектеседі.