Қазақта балаға ат қоюдың өзіндік жолы бар. Бір есім ізгі тілекпен қойылса, енді бірі туған уақытына, тарихи кезеңге немесе ата-ананың көңіліндегі арманға байланысты беріледі. Уақыт өте есімдер де өзгереді. Бір дәуірде кең тараған аттар сиресе, бүгін жаңа есімдер көпшілікке таныла бастады. Осы тақырыпты тілшіміз терең зерттеп, ерекше есім иелерінің әңгімесі мен мамандардың пікіріне құлақ түрген болатын.