Түркістан
EN

Интернет алаяқтыққа қатысы бар 13 Қытай азаматы елден шығарылды

10
19.10.2026

Интернет-алаяқтыққа қатысы бар 13 Қытай азаматы елден шығарылды.  Оларды ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз көші-қонға қарсы күрес аясында құрықтады. Тексеру барысында шетелдіктердің  Қазақстанда  халықаралық интернет-алаяқтықтың жасырын схемасын ұйымдастырғаны анықталды. Олардан  компьютерлік техника, ұялы телефондар, «Starlink» спутниктік интернет жабдықтары, сондай-ақ криптоәмияндарда сақталған қаражат табылды. Тергеу  жұмыстары  Қытай Халық Республикасының қоғамдық қауіпсіздік министрлігімен бірлесіп жүргізілді. Нәтижесінде құрықталғандардың көбі  өз елінде де алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүргені белгілі болды.