Түркістан
EN

«Аялдама» кино спектаклінің премьерасы өтті

11
19.10.2026

 Түркістан музыкалық драма театрында «Аялдама» киноспектаклінің премьерасы өтті. Шынайы оқиға желісіне негізделген қойылым театр мен кинематография элементтерін ұштастырады. Жаңа жанрдағы туынды көрерменге ерекше әсер сыйлап, сәулелі ғұмыр жолындағы ерекше сәттерді еске салды. Қойылымның авторы — Қазыбек Аманжол, режиссері — Әли Бидахмет. «Аялдама» киноспектаклі — театр ұжымының көрерменге ұсынған тың шығармашылық тәжірибесі.