Түркістан облысында өскелең ұрпақтың зейінін арттырып, логикалық ойлау қабілеті мен дарынын шыңдауға бағытталған ауқымды сайыс өтті. Келес ауданында «Білімді ұрпақ - елдің жарқын болашағы» ұранымен елге еңбегі сіңген тұлға Байбек Ермековті еске алуға арналып, шахмат облыстық турнир ұйымдастырылды. Ой жарыстың салтанатты ашылуына облыстың түкпір түкпірінен дарынды оқушылар жиналды.
Сайыс өңірде зияткерлік спортты дамытып, жас интеллектуалдардың өзара тәжірибе алмасуына жол ашатын бірегей алаң. Жыл санап ауқымы кеңейген бұл бәсеке жас өрендерді тапқырлық пен салқынқандылыққа баулиды. Ұйымдастырушылар мен жергілікті азаматтардың бастамасымен өтетін бәсекеге қатысушылар саны жыл санап артып келеді.
РАХМАТУЛЛА ЕРМЕКОВ – ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Осыдан 2 жыл алдын осы шахматтың турнирін тренерлері президенттік федерациясы келіп өтініш қылған. Біздің ауданда осы күнге шейін өтілмеген облыс көлемінде іс шара. Оны екі жыл алдын бастап биыл үшінші жыл болып жатыр. Түркістан облысынан ауданнан келіп жатыр, бірінші сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін. Мына жерде екі жүз бала қазір қатысайын деп отыр.