АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында жерлесіміз Шұғыла Өмірбек қола медаль иеленді. Бүгін таңертең спортшыны туған-туыстары, жанкүйерлері мен спорт саласының өкілдері әуежайдан күтіп алды. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Әлемдік жарыста ел намысын қорғаған Шұғыла Өмірбек әйелдер күресінен 55 келі салмақ дәрежесінде белдесті. Қола медаль үшін өткен шешуші кездесуде украиналық қарсыласымен жолықты. Тартысты белдесу 11:10 есебімен жерлесіміздің пайдасына аяқталды. Осылайша, Шұғыла әлем чемпионатының қола жүлдесін қанжығасына байлады. Спортшының айтуынша, жарыс оңай болған жоқ. Енді ол жіберген қателіктерін түзеп, алдағы жарыстарға, соның ішінде Олимпиадаға қатысу үшін дайындықты жалғастырмақ.
ШҰҒЫЛА ӨМІРБЕК ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ
«Әлем чемпионатында жүлдеге ілінгеніме қуаныштымын. Бірақ, әрине, мақсатым алтын медаль алу еді. Өкінішке қарай, оған қол жеткізе алмадым. Алдағы уақытта осы жарыста жіберген қателіктеріммен жұмыс істеп, бұдан да жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын. Ең үлкен мақсаттарымның бірі – Олимпиадаға қатысу».