Қазығұрт ауданының Қосағаш ауылында 1000 түп ағаш егіліп, 20 тонна қоқыс шығарылды. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған сенбілікке еріктілер, ауыл халқы мен қызметшілерді қосқанда 2 мыңнан астам адам қатысты. Ауқымды тазалық жұмыстарына 20 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Қатысушылар елді мекенді қоқыстан тазартып, айналаны көгалдандыруға атсалысты.
НҰРИСЛАМ БИМАХАМБЕТ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫ ОРЫНБАСАРЫ
Сенбілік барысында 10 шақырым арық-атыз тазартылып, жаңадан 3 шақырым су арнасы қазылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – «Таза Қазақстан» акциясын қолдау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сонымен қатар туған жерді көркейтуге қоғам болып үлес қосу көзделген.