Түркістан
EN

Ордабасы ауданында ағын су мен жайылым жерді даулаған тұрғындар бас көтерді

177
26.05.2022

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбар елдімекенінің тұрғындары ауыз судың азабын тартып отыр. Өйткені тіршілік нәрі тоқ көзіне тікелей тәуелді көрінеді. Жарық екі күннің бірінде сөніп, ол аздай ауыл жұрты төрт түлігін тұсап ұстауға мәжбүр.  Себебі жайылым жер жоқ. Мал жаятын жер таппай тентіреп кеттік деген Түркістан облысының тұрғындары жайылымның бәрі жекенің қолында деп ашынады. Жайылымнан мақұрым қалған Шұбар ауыл округінің тұрғындары ауыз суды да қалаған уақытында іше алмайды. Себебі ауылға тіршілік нәрі тек электр тоғы бар кезде келеді. Ал ол жарық екі күннің бірінде өшеді екен. Ал, ауыл округінің әкімі болса халыққа шыдай тұрудан басқа амал жоқ дейді. Мәселені әзірге шеше алмаймыз деген әкім, бәрін уақыттың еншісіне қалдырып құтылды. Ал күнін төрт түлікпен көріп отырған ауылдағы ағайын енді президентке хат жазудан басқа амал жоқ дейді.