Түркістан
EN

Жеті мың азамат әскерге барады

13
19.10.2026

Қазақстанда Ұлттық ұланның 2026 жылғы күзгі шақыру науқаны аяқталды. 9 қыркүйек пен 15 қазан аралығында 7 мыңнан астам азамат мерзімді әскери қызметке шақырылды.   Жас сарбаздар енді қоғамдық тәртіпті сақтау, бұқаралық іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және маңызды мемлекеттік нысандарды күзету міндеттерін атқарады. Қазір Ұлттық ұлан әскери қызметшілері полициямен бірлесіп, еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді.