Түркістан
EN

Ломбард желісі заңсыз қызметін тоқтатты

9
19.10.2026

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы және Түркістан облыстарындағы  ломбард желісінің заңсыз қызметін тоқтатты. Тергеу мәліметіне сүйенсек, алаяқтықпен айналысқан компания бүған дейін микроқаржылық қызметпен айналысатын ұйымдардың қатарынан шығарылған. Соған қарамастан, ломбард атауын өзгертіп, зергерлік бұйымдарды кепілге алуды жалғастыра берген. Олардың кеңселері көбіне базар мен сауда үйлерінің маңында орналасқан. Жұртты көптеп тарту үшін кепілге қойылған мүліктің жоғары бағаланатынын және қарыз алудың несие тарихына әсер етпейтінін айтып, жарнама жасапты. Қарыз күніне 2 пайыздық өсіммен берілген. Бұл заңда белгіленген 0,3 пайыздық шекті мөлшерлемеден алты есе жоғары. Қазір қылмыстық іс сотқа жолданды.