Түркістан
EN

"Асарласу" экологиялық шарасы өтті

23
19.10.2026

Түлкібас ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Асарлату» экологиялық шарасы өтті. Арыс өзенінің жағасы тазартылып, қураған бұталар оталды. Жұмысқа 20-ға жуық техника жұмылдырылып, жиналған қоқыс арнайы орындарға шығарылды. Толығырақ тілшіміз Жұлдыз Шалхарбек айтып берсін. 

Сауытбек Сейсенбай - жетпістен асса да, тазалық жұмыстарына белсене араласады. Ауласының ғана емес, тұтас ауданның таза болғанын қалайды. Елімізде «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бірде-бір сенбіліктен қалмадым дейді. Бүгін де әдеттегі әдетімен ортақ іске өзгелермен бірге кіріскен.