Төлеби ауданында прокуратура органдарының 35 жылдығына орай «Тәртіпке тартыл» бастамасымен «Тартыл Fest» турнирі өтті. Бұқаралық спортты дамыту мен «Заң және тәртіп» қағидатын насихаттауға арналған бәсекеде аудандағы 69 мектептің оқушылары күш сынасты. 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасынан кімдер оза шапты? Тілшіміз тарқатады.
Белтемірде бақ сынаған өрендердің бірі — Майбұлақ мектебінің оқушысы Дарын Әбді. Бұған дейін де аудандық, облыстық жарыстарда жеңімпаз атанған ол бұл жолы да үздіктер қатарынан көрінуді көздейді.