Түркістан
EN

3 мыңнан аса адам сенбілікке шықты

20
19.10.2026

Бәйдібек ауданында ауқымды сенбілік өтті. Экологиялық акцияға 3 мыңнан аса адам қатысып, Шаян ауылындағы  көшелердің бойы мен  арық-атыздардағы күл қоқысты тазартты. Сондай-ақ бей-берекет өскен, сынған және қураған ағаш бұталары  кесілді. Аудан орталығын тазалауға 21 техника жұмылдырылды. Акцияға қатысқан азаматтар ішінде қоғамдық жұмысшылармен қатар мекеме қызметкерлері, ұстаздар, балабақша тәрбиешілері бар.

Бәйдібек ауданында өңір басшысының бастамасымен тазалық жұмыстары 9 секторға бөлініп жүргізілуде. Мұндағы белсенділер өзге де игілікті істі ұйымдастыруға атсалысады. Әлеуметтік осал топтағы отбасыларға да жәрдемдеседі.