Түркістан
EN

Кентауда тұрғын үйдің шатыры өртенді

18
19.10.2026

 Кентау қаласында үш қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді. Төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнынан жедел жетіп, тілсіз жаудан 32 адам құтқарып қалды. Оның ішінде 7 бала бар. Зардап шеккендер жоқ. Облыс және қала басшылығы оқиға орнына барып, тұрғындармен кездесті. Шығын қалай өтеледі және баспанасыз қалғандарға қандай көмек көрсетіледі? 

Оқиға таңғы мезгілде, тұрғындардың дені енді оянған шақта болған. Үш қабатты үйдің шатырынан тұтанған өрт аз уақыт ішінде 250 шаршы метрге дейін тараған. Құтқарушылар үш минутта жетіп, қауіпті аймақтан тұрғындарды далаға шығарды. Жеті арнайы техника мен отызға жуық маман тілсіз жауды сағат онға таман ғана толық ауыздықтады.

ЗҰЛПЫХАР ЖОЛДАСОВ

Заттарды жинап, жуатындарды алып барып, екіншісі ремонтқа кірісеміз. Уайымдамаңыз!