Түркістан
EN

Ұлттық спортты ұлықтаған шабандоз

15
19.10.2026

Қазығұрттық спортшы Қанат Бақтыбай — теңге ілу спортынан ел үздігі. Ол VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын медаль иегері. Жеті жылдан бері ұлттық спорттың осы түрімен айналысып келе жатқан шабандоз талай жарыста топ жарып, шеберлігін шыңдаған. Бүгінде ол алдағы сайыстарға дайындалып қана қоймай, жас спортшыларды спортың осы түріне баулып жүр. Ат үстіндегі ептілігімен ерекшеленген Қанаттың жеңіс жолы жайлы тілшіміз тарқатады.

БАЛЫМ ӘЛІШЕР  

Қазақтың ат үстіндегі ойыны — ер жігіттің ептілігі мен батылдығын сынға салатын сайыс. Соның бірі — теңге ілу. Шауып келе жатқан аттың үстінен еңкейіп, жердегі теңгені іліп алу үшін шабандозға шапшаңдық қана емес, дәлдік пен ерекше дайындық қажет. Ал бүгін осы өнерімен топ жарып, алтыннан алқа таққан кейіпкермен тілдесеміз