«Қуатты заманауи техникалар мен нарықтан арзан жергілікті өнім. Созақ жұрты “Алтын күз – 2026” жәрмеңкесін қорытындылады. Жергілікті шаруалар 50 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін арзандатылған бағамен сатылымға шығарды. Сондай-ақ салада үздік шыққан еңбеккерлер марапатталып, арнайы көрме ұйымдастырылды. Тақырыпты жәрмеңкеге барып келген әріптесім Әбілқайыр Олжасұлы толықтырады.
Мерекелік жәрмеңкеге ауданға қарасты барлық ауылдық округтер мен кенттердің шаруалары қатысты. Сөрелерге 52 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі қойылып, тұрғындарға нарықтағыдан 20-30 пайызға арзан бағада ұсынылды. Күзгі молшылыққа куә болған жұртшылық та сапалы өнімді қолжетімді бағамен сатып алып, диқандар мен малшылардың еңбегіне ризашылығын білдірді.
НҰРҒИСА СЕРІКҰЛЫ АУДАН ТҰРҒЫНЫ
Қой етін алдық. Әрине базар нарықтан төмен. Ет сапасы да жақсы, ет алдық, қой етінен. Бағасы да жақсы.