Түркістан
EN

Президент биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық қор құруды ұсынды

17
19.10.2026

Әлемдегі киік популяциясының 98 пайызы — біздің елде. Ал Каспий итбалығы жүз жылдың ішінде 4 есеге жуық азайып, жойылып кетудің шегінде тұр. Бүгін халықаралық қауымдастықтың назары жаһандық экология мәселелеріне ауды. COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев «Каспий теңізі Аралдың тағдырын қайталамауы тиіс» деп қадап айтты. Мемлекет басшысы экологиялық күн тәртібі кез келген саяси қайшылықтан жоғары тұруы керектігін ескертіп, жаһандық деңгейде бірлесе әрекет етуді ұсынды.