Енді мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақы алу үшін некелі жарыңызбен өтірік ажырасып, әлекке түскеннен пайда жоқ. Елімізде әлеуметтік көмек көрсету жүйесі толықтай цифрлық форматқа көшеді. Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік қолдаудың шын мәніндегі мұқтаж отбасыларға жетуін қатаң қадағалауды тапсырды. Енді «Отбасының цифрлық картасы» жиырма миллион азаматтың тұрмыс жағдайын саралап, әр шаңырақтың әл-ауқатын нақты анықтайды. Сонымен бірге республикалық бюджеттен төленетін отыз алты төлемнің жиырма екісі бұрынғы тәртіппен сақталады.
ЕРАСЫЛ ЖҰМАНБАЕВ «ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ БАСШЫСЫ
Қазір таңда қосымша бізде жасанды интеллект талқылайды және өзінше нақты шешім қабылдауға мүмкіндік беретін жүйе ретінде қолданылады. Осының нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үдерісінің ашықтығы артып, оны рәсімдеу уақыты қысқарды. Сонымен қатар бұл жүйені республикалық деңгейде енгізіп, жасанды интеллект көмегімен жан-жақты мониторинг жүргізу жоспарланып отыр.