Ауыл әкімі ағын су құбырларын жекеге сатып жіберген. Қарнақ ауылының шаруалары осылай деп арнамызға шағымданды. Осыдан 35 жыл бұрын тұрғындар асарлатып салынған су жолдары қазір жарамсыз күйде. Қазылған құбырлар Кеңес одағының кезінде, нақтырақ айтсақ 1984-1985 жылдары Қарнақ ауылын құрғақшылықтан сақтап қалу үшін салынған. Ал тұрғындар ауылдағы қалталы азаматтардың көмегімен тартылған бұлақ суын, егістіктен бөлек ауыз су ретінде де пайдаланып келгенін айтады.