«Көпбалалы дәулетті отбасылар өз күнін өзі көрсін» Осылай деген үкімет басшысы Олжас Бектенов азаматтарға әлеуметтік көмек беру жүйесін сынға алды. Құрылтай депутаты Наталья Годунова премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған сауалында үкіметтің республикалық бюджет тапшылығын 2027 жылғы 4,6 трлн теңгеден 2029 жылы 1 трлн теңгеге дейін қысқарту жоспары қаншалықты шынайы екенін сұрады.
НАТАЛЬЯ ГОДУНОВА ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Соңғы жылдары бюджет тапшылығының ақшалай көлемі ұлғайып келе жатыр. ЖІӨ-ге шаққандағы үлесі азайғанымен, жетіспейтін қаражатты Ұлттық қордан және мемлекеттік қарыз алу арқылы жабу қалыпты тәжірибеге айналып кетті. Үш жылдық бюджет жобасында 2027 жылғы тапшылық 4,6 трлн теңгеге дейін ұлғайтылған. Ал былтырғы болжам бойынша, бұл көрсеткіш 3,7 трлн теңге болуы керек еді. Осылайша, үкімет жоспарлы көрсеткішті шамамен 1 трлн теңгеге немесе 40%-ға арттырған. Сонымен қатар бюджет жобасында 2029 жылы тапшылықты 1 трлн теңгеге дейін, яғни төрт еседен астам қысқарту көзделген. Бұған қандай шаралар арқылы қол жеткізу жоспарланып отырғанын және мұндай болжам қаншалықты шынайы?