Түркістанда Рухани келісім күніне орай бірқатар іс-шара ұйымдастырылды. Жиынға өңірдегі діни конфессия өкілдері қатысып, өзара ынтымақтастық пен қоғамдағы тұрақтылықты нығайту мәселелерін талқылады. Кездесуде конфессияаралық келісімді сақтау, дінаралық татулықты дәріптеу және ортақ құндылықтарды насихаттау жайы сөз болды. Сондай-ақ, облыстық дін істері басқармасының басшысы мен діни бірлестіктер жетекшілері бас қосып, пікір алмасты. Ал облыстың бас имамы рухани келісімнің ел тұрақтылығы үшін маңызына тоқталып, татулықты сақтау баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.