Келес ауданында тазалық мәселесі әлі де өзекті. Жыл басынан бері ауданда полигондарға 218 тонна қоқыс шығарылып, тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 283 әкімшілік хаттама толтырылған. Алайда бұл жұмыстарға қарамастан, кейбір аумақта санитарлық талаптар әлі де сақталмай отыр. Тазалыққа жауапты мекемелер не дейді? Тілшіміз Бекболат Тілеуберген толықтырады.
БЕРІК ҚҰРАЛОВ «КЕЛЕС ҚЫЗМЕТ» КММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қазіргі таңда тазалық жұмыстарын жүргізуде кадр тапшылығы сезіледі. Аудан аумағындағы көшелер мен қоғамдық орындарды тұрақты тазалау үшін жұмыс күші қажет. Соған қарамастан, қолда бар мамандармен бекітілген аумақтарды тазалап, қоқысты полигондарға шығару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.